{metadescription}
Елордада жолға таласып төбелескендер 6 миллион айыппұл төлеуі мүмкін
Елордада жолға таласып төбелескендер 6 миллион айыппұл төлеуі мүмкін

Елордада жолға таласып төбелескендер 6 миллион айыппұл төлеуі мүмкін

Елордада жолға таласып төбелескендер 6 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Тіпті екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Куәгерлер видеоны кеше әлеуметтік желіге жариялаған. Полицияның мәліметінше, оқиға 10-сәуірде болыпты. Бөгенбай батыр даңғылының бойында «Мерседес» пен «Газель» көліктерінің жүргізушілері жолға таласып, соңы төбелеске ұласқан. Екі жүргізуші көлігін көшенің қақ ортасына алаңсыз қаңтарып қойып жұдырықтасқан. Оған жүргізушілердің қасында отырған серіктері де қосылған.

Полиция бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғап, тараптарды тергеп жатыр. Ал бір-біріне жол бергісі келмегендердің төбелеске шығуына бірінің ұятсыз қылығы себеп болған.

Эльмира Шауленова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз хатшысы:

- Бір-біріне жол бермеген. Сол кезде бір көліктің жүргізушісі ерсі, ұятсыз қылықтарды қол қимылымен көрсеткен. Содан басталған. Қазір төбелеске қатысқан барлық азамат ұсталды. ҚР ҚК 293-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде