{metadescription}
«ҚазАвтоЖол»: Жұмысын дұрыс атқармаған Ұлан Әліпов қызметінен кетті
«ҚазАвтоЖол»: Жұмысын дұрыс атқармаған Ұлан Әліпов қызметінен кетті

«ҚазАвтоЖол»: Жұмысын дұрыс атқармаған Ұлан Әліпов қызметінен кетті

Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды. Жолдың сапасы мен сол жолға жауапты мекеме бұған дейін президенттің қатаң сынына қалған болатын.

Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет ететінін және бұған мемлекет қаржысы тиімсіз жұмсалып жатқанын мемлекет басшысы бір апта бұрын ғана әлеуметтік желіге жазды. Ал Ұлан Әліпов 2019 жылдың ақпанынан бері осы қызметте еді. Президенттің орынды сыны компания басшысының орнынан кетуімен тынды. Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған Тоқаев бұл шаруаны өз бақылауына алғанын да мәлімдеді.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жалпы ұзақтығы 24 жарым мың шақырым республикалық және халықаралық маңызы бар автокөлік жолдарының ұлттық операторы. Ол елдегі барлық автокөлік жолдарының шамамен 20 пайызын бақылайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде