{metadescription}
Жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір табылмай жатыр
Жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір табылмай жатыр

Жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір табылмай жатыр

Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің бірі суға кетіп, денесі он төрт күннен бері табылмай жатыр. 23 жастағы келіншекті іздеуге бір топ құтқарушы Тараздан арнайы келген екен.   

Олар полицейлердің сұраныс хатында көрсетілген төңіректі сүзіп шығуға кіріскен. Кешке тақау іздеу аяқталар тұста кенеттен жел тұрып, екі метрлік толқын пайда болыпты. Асау ағыс 50 жастағы сүңгуір мінген қайықты қойманың ортасына қарай тартып әкеткен. 20 жылдық тәжірибесі бар Жұмағали Әбдірахманов кері қайта алмасын түсініп, желдің бағытымен  жүре берген. Ол сол бойда оралған жоқ. Тіс қаққан маманның қалай суға батып кеткені түсініксіз. Жарты сағаттан кейін қарсы жағалаудан оның құтқару жейдесі мен мотор қайығы табылған. Ал өзін он төрт күннен бері  әріптестері іздеп жатыр. Алматы облысынан да құтқарушылар көмекке келген. Тасөткел су қоймасының ұзындығы 21, ал ені 8 шақырым. Тереңдігі 25 метерге жуық. Ауқымды аумақтан адам денесін табуға 100-ге жуық құтқарушы мен екі тікұшақ жұмылдырылған.  

Мақсат Қосыбаев, Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Өте тәжрибелі сүңгуір. Тәжрибесін мүмкіндігінше қолданды. Яғни бұл арада тек дауылдың әсері. Қатты тұрған дауылдан жоғарғы толқын қайықтың дер кезінде жағаға қайтуына дес бермеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде