{metadescription}
Тағайындау: Алик Шпекбаев қызметінде несімен есте қалды? 
Тағайындау: Алик Шпекбаев қызметінде несімен есте қалды? 

Тағайындау: Алик Шпекбаев қызметінде несімен есте қалды? 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің басшысы ауысты. Қазынаны қанап, тек «бармақ басты, көз қыстымен» ғана айналысатын шенеуніктермен күресті енді Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов жалғастырады.

Ал зейнет жасына былтыр толған Алик Шпекбаев әзірге жұмыссыздар қатарында. Шпекбаев агенттікті басқарған кезде жылына орта есеппен 1700-ден астам қылмыс әшкереленген. Көбі  пара алу фактілері. Қолына кісен салынғандардың қатарында министрлер, облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, жауапты хатшылар, елшілер, судьялар бар. Шпекбаев жемқорлық фактісі туралы айтқандарға сыйақы берумен де есте қалады.

Агенттіктің жаңа басшысы Марат Ахметжановтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласына жат емес. Бас прокурордың орынбасары болғанға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментін басқарған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздестіру және тәркілеу ісіне баса мән берген жөн. Мұны follow the money (ақшаны қадағалау – ред.) қағидаты дейді. Қылмыстық жолмен алынған дүние-мүлікті тәркілеу жөніндегі бұлжымас қағидат сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез келген іс-әрекеттен аулақ болуға ынталандыруға тиіс. Бұл жұмысты Агенттік қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп атқаруы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде