{metadescription}
Әлем, ковид-19: Кейбір елде көп қабатты зират соғып жатыр
Әлем, ковид-19: Кейбір елде көп қабатты зират соғып жатыр

Әлем, ковид-19: Кейбір елде көп қабатты зират соғып жатыр

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 3 миллионнан асты. Өлім-жітімнің көбейгені сонша, бейіттерде көметін жер таусылып, кейбір елдер көпқабатты зираттар соғып жатыр.

Қаралы тізімнің басында – АҚШ. Бұл елде індеттен қайтыс болғандар 580 мыңнан асты. Күні кешеге дейін екінші орында Үндістан болған, бірақ Бразилия оны басып озды. Рио-де-Жанейрода мәйіт көметін жер жетпей жатыр. Жергілікті билік көпқабатты зираттар салдырып, қаза болғандарды сонда жерлеп жатыр. Ал иіс тарамауы үшін табыт тастан қашалып жасалған. Мұндай зираттардың төбесінен қарағанда көп қабатты үйлерге ұқсас. Аурудың көз ілеспес жылдамдықпен таралуына байланысты, бұл елде әйелдерге нәресте көтеруге тыйым салынуы мүмкін.

Рафаэль Паранте, Бразилияның денсаулық сақтау министрі:

Пандемия ушығып тұрғанда перзентханалар өте қиын жағдайға тап болып жатыр. Сондықтан әйелдерді әзірге бала көтермеуге шақырамыз. Осы мәселе төңірегінде ойланып, нәрестені індеттің беті қайтқан уақытта жоспарласа дейміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде