Қарағандыда киік мүйізін сатып жүргендер ұсталды
Қарағандыда киік мүйізін сатып жүргендер ұсталды. Күдіктілердің көлігін тінткен кезде Қызыл кітаптағы жануардың 274 мүйізі шықты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
19.04.2021
Үш күдікті мінген көлікті тәртіп сақшылары ұзақ аңдыған. Ұстау операциясы кезінде 34 жастағы көлік жүргізушісі мен оның екі сыбайласының қолына кісен салынды. Көліктің жүксалғышы киіктің мүйізіне лық толған. Күдіктілердің үйін тінту кезінде де түз тағысының мүйіздері табылды. Тіркеуде жоқ қару жарақтар жүздеген киікті қыруға қолданылса керек. Күдіктілерге сирек кездесетін жануарларды қырғаны және заңсыз қару сақтау бабымен айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе, үшеуі де 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!