{metadescription}
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт екі  ауылға тарай жаздады
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт екі  ауылға тарай жаздады

«Ертіс орманы» резерватындағы өрт екі  ауылға тарай жаздады

Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы алапат өрт екі  ауылға тарай жаздады. Құтқарушылар қызыл жалынды елдімекенге жақындаған кезде ауыздықтап үлгерген.

От Шарбақты ауданындағы ерекше қорғалатын орманда күні кеше тұтанған.  Ең алдымен құрғақ шөп қаулап жанған. Қатты соққан жел өртті одан сайын үдетіп, «Ертіс орманы» резерватындағы жүздеген ағаш та жанып кетті.

Тілсіз жау шамамен 1200 гектар жерді шарпыған. Өрт сөндірушілер ырық бермей лаулаған отпен бір тәулік бойы арпалысып, бүгін әрең сөндірді. Жалынды өшіруге 200-ден астам адам мен 50 арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушыларға орманшылар мен еріктілер де көмектескен. Қазір арнайы құрылған комиссия өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Төтенше жағдайдан келген шығын көлемі де есептелінуде.

Ернұр Өтегенов, Павлодар облысы ТЖД бастығы:

- Адам жарақаты болған жоқ. Сүгір және Садықащы ауылдарына төнген қауіптің алдын алды. Өрттің өршуіне көбіне себеп болған 25 метрден асатын желдің қайта-қайта көтерілудің арқасында орман өртінің жоғарғы және төмен бөлігінің өртенуіне әкеп соқты. Қазір штаб құрылды. Олар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.