{metadescription}
Елордадағы триатлон саябағынан шам ұрлағандар ұсталды
Елордадағы триатлон саябағынан шам ұрлағандар ұсталды

Елордадағы триатлон саябағынан шам ұрлағандар ұсталды

Елордадағы триатлон саябағынан 66 шам ұрланып, демалыс орны жарықсыз қала жаздады. Ұры алыстан келмеген екен. Енді қымбат шамдарды қолды қылғандарды үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе үш миллион теңгеге жуық айыппұл салу жазасы күтіп тұр.

Полицейлер ұрланған шамдарды сатып алғандарға да қылмыстық іс қозғайды. Ал ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оқиғаны күдіктілер ешкімге ештеңе көрсетпес үшін әдейі түнде ұйымдастырыпты. Елорда көшелері мен саябақтарын жарықтандыруға жауапты компания қызметкерлері шамдарды баспалдақпен өрмелеп шығып адып, шешіп жүрген. Екі ай бойы екі көлік жүргізуші мен бір электр монтері қызметтік көлікпен саябақтан 66 шамды ұрлап, оны темір-терсек қабылдайтын орындарға тапсырған.

Саябақтағы мүліктің жоғалғанын сол мекеменің бригадирі түгендеу барысында әшкерелепті. Келтірілген шығын 8 миллион теңгенің шамасында. Енді бұл ақшаны шамды ұрлағандармен қоса, тауарды сатып алғандар да өтейді.

Данияр Орал, Нұр-Сұлтан қаласының ПД ресми өкілі:

- Ұрланған затты сатып алу және оны әрі қарай қажетіне пайдалану ҚК-тің 190-бабы мен жауапкершілік қарастырылған. Күдіктілердің жасы 49, 50 және 32 жаста. Үшеуіне де қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде