Шымкентте ауыр техника 7 мың бөтелке арақ-шараптың көзін құртты
Шымкентте 7 мың бөтелке арақ-шарап жойылды. Қоқыс полигонына бірнеше жүк көлігімен жеткізілген заңсыз өнімдер ауыр техникамен жаншылып құртылды.
Автор: Бек Әбиев
20.04.2021
Қоқыс полигонына жеткізілген спирттік өнімдерін жоюға бірнеше сағат уақыт кетті. Жасырын цехта өндіріліп, жалған акциз жапсырылған арақ-шарап пен коньяктың зауыттан шыққан өнімдерден еш айырмасы жоқ. Астыртын жарты жылдай жұмыс істеген цех мемлекетке 4 миллион шығын келтірген. Ол жерде 7 мың дайын шөлмектен бөлек, 13 тонна таза этил спирті тәркіленді. Арам жолмен олжаға кенелмек болған цех иесі айыппұл төлеп құтылды.
Жұпар Мамытова, Шымкент қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі:
- Сараптамалардың нәтижесіне сәйкес, 1 литр этил спиртің 1400 теңгеге орташа сату бағасы анықталды. Алынған спирт өнімі жалпы 18 миллион теңгеге бағаланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!