Алматыда қоғамдық көлік өртенді
Алматыда автобус өртенді. Таңертең сағат 11 шамасында тұрғындар 101 нөміріне жанұшыра қоңырау шалды. Олар Әйгерім ықшамауданында қоғамдық көліктің отқа оранғанын хабарлады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.04.2021
Өрт сөндірушілер жеті минуттың ішінде жедел жеткенімен, өрт автобустың ішін толық шарпыған. Аспанға шапшыған жалын 20 шаршы метр жерді қамтыды. Төтеншеліктер өртті жеті минутта сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Қалалық мобильдік басқарма №115 бағытта жолаушы таситын автобус екенін растады. Бірақ қолданысқа енгеніне көп болмаған «Лиаз» маркалы қоғамдық көлікте өрттің неден болғанын ашып айтпады. Тексеріс жүріп жатыр деді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!