{metadescription}
Мұнай компаниясының 100-ге жуық жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартқан – Жаңаөзен
Мұнай компаниясының 100-ге жуық жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартқан – Жаңаөзен

Мұнай компаниясының 100-ге жуық жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартқан – Жаңаөзен

Жаңаөзенде мұнай компаниясына қызмет көрсететін 100-ге жуық жұмысшы екі күннен бері жұмысқа шықпай отыр. Олар жалақыны екі есе көбейтуді немесе  айлығы жоғары мекемеге ауыстыруды талап етуде.

- Осы видео үндеуді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов мырзаға жолдаймыз. Осы күнге дейін Жаңаөзен қаласының әкімдігі және «Бұрғылау» мекемесінің басшылары біздің мәселелерімізді шеше алмады. Себебі, көптеген заңсыздық болып жатыр.

«Фиркрофт» серіктестігінің жұмысшылары бірнеше күн бұрын қызмет көрсететін мекеме басшылығы мен Жаңаөзен қаласы әкіміне шағым айтқан. Бірақ олардың қимылдайтын түрі жоқ. Сондықтан мәселемізді Президент шешіп бермесе, басқа амал қалмады деп отыр. Жұмысшылар еңбек шартын қайта қарап, жалақыны көтеруді, егер ол мүмкін болмаса, айлығы көп жұмысқа ауыстыруды сұрайды. Айтуларынша қазір алатын ақшасы тым аз екен.

«Мұнай ұңғымаларын бұрғылап, айына 200-250 мың теңге аламыз. Осындай жұмыс атқаратын басқа мекеме қызметкерлеріне 500-600 мың теңге төленеді. Мұндай әдлетсіздікке енді шыдай алмаймыз», - дейді ереуілшілер.

Бүгін Жаңаөзенде «Мұнай филд сервис» мекемесіне қарасты серіктестікте жұмыс істейтін 20-ға жуық жұмысшы да әкімдік алдына наразылыққа шықты. Олар да жалақыны көтеріп, тұрақты штат мәселесін шешіп беруді сұрайды.

Раушан Қалиева, Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

- «Бұрғылау» басшылығы ұқсас лауазымда жұмыс істеп жүрген «Фиркрофтың» жұмыскерлерін өздерінде істеп жүрген жұмыскерлердің жалақысымен теңестіруге дайын екенін хабарлады. Биыл тек 8 адамды тұрақты жұмыс орнына қабылдауға әзір екенін айтты. Бірақ ол шешіммен «Фиркрофтың» жұмыскерлері келіспей отыр. Олар барлығын да жұмысқа орналастыруын талап етеді. Яғни 126 адамды түгелдей.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде