{metadescription}
КВИ бір күнде екі жарым мыңнан аса адамнан анықталды
КВИ бір күнде екі жарым мыңнан аса адамнан анықталды

КВИ бір күнде екі жарым мыңнан аса адамнан анықталды

Коронавирус бір күнде тағы екі жарым мыңнан аса адамнан анықталды. «Қызыл» аймақтағы өңір саны қайта көбейген. Өйткені Ақмола облысы қауіптің «сары» деңгейінде бір күн болып, бұрынғы орнына қайтып оралды.

Шығыс Қазақстан облысының өзі «сары» аймақта болғанымен, 3 қаласы «қызыл» деңгейге ойысқан.

Эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз Алматыда кеселге балалар жиі шалдығуда.

Нұр-Сұлтанда да жағдайдың жақсаратын түрі жоқ.

Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай ушығып барады. Өскемен, Семей және Аягөз ауданы індеттің ошағына айналған. Сондықтан қос шаһар мен бір аудан бүгіннен бастап «қызыл» аймаққа енді. Онда 3-мамырға дейін карантин күшейтіледі. Себебі, бір тәуілікте Семейде – 25, Өскеменде – 23,  Аягөз ауданында 11 адам індет жұқтырыпты.

Коронавирусқа шалдыққан мектеп оқушылары да көбейген. Семей қаласындағы 13 білім ордасы карантинге жабылды. Облыс әкімі жауаптыларға жағдайды реттеуге ш күн уақыт берді. 

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Семейде халық саны Өскеменнен аз. Алайда оқушылар саны бойынша екі есе көп. Сондықтан Семей қаласының әкімі мен білім бөлімі шұғыл жұмыс жасау қажет. Жағдайды үш күннің ішінде қалыпқа келтіріңіздер.

Жаңа қаулыға сәйкес спорт нысандары, сауналар және мұз айдындарының сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Ал мәдинет үйлерінің қызметіне мүлдем рұқсат жоқ.  Сонымен қатар Аягөз ауданына екі санитарлық бекет орнатылатын болады. Жалпы  Шығыс Қазақстан облысы қазір «сары» аймақта тұр.

Алматылық ах халаттыларды індеттің балалар арасында көп тарауы алаңдатып отыр. Әсіресе соңғы кездері коронавирус 1 жасқа дейінгі сәбилерден жиі анықталатын болған. Қазір қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 71 бала жатса, соның 28 пайызы жасқа толмаған.

Кішкентайлар арасында сырқаттардың өсуі Наурыз мерекесінен кейін басталған. Бүгінге дейін 250 бүлдіршін инфекциялық стационарға түскен.

Айнұр Уәлиева, Алматы қаласы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Наурыздың бір-екі аптасында 72 бала емделіп шығарылса, салыстырмалы түрде сәуір айының бір-екі аптасында 176 бала ем қабылдады. 1-10 сәуір аралығында 139 бала емделіп шығарылды, 11-19 сәуір аралығында 107 бала ауруханадан шығарылды.

Коронавирус балаларда көбіне симптомсыз өтеді. Ал олар індетті үй ішіндегілерден, яғни, науқас ересектерден жұқтырады.

Мамандар ата-аналар баласымен бірге немесе өзі ғана адам көп жиналатын жерге бармауға кеңес береді.

Нұр-сұлтанда жыл басынан бері індетке 3705 кішкентай елордалық шалдығыпты. Қазір вирус жұқтырған 1212 науқастың  111-і өмірі үшін күресіп жатса, төрт мыңға жуық адам емді үйінде қабылдап жатыр. Бас шаһардың «қызыл» аймақтың құрсауынан шыға алмай жатқанына екі айға жуықтап қалды. Коронавируспен ауырғандар саны азаяр емес. Бір күнде орта есеппен жаңа 500 жағдай тіркеліп жатқанына дәрігерлер алаңдаулы.

Науқастардың шеттен тыс ауыруы былтырғы жылдың шілде айымен салыстырғанда үш есе көп. Шенеуніктер ауруханаларды сайлап, төсек орынды дайындап қойдық дейді.

Эпид-ахуалға жауаптылар «Covid-19-ды тек вакцина жеңеді» деуден жалығар емес. Бүгінде Нұр-Сұлтанда 65 мың азамат вакцина салдырыпты. Елорданың бас дәрігері вакциналау жағынан денсаулық сақтау министрі Цойдың айтқан сынымен келіспей отыр. Мұратовтың айтуынша, астана артта қалған жоқ.

Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 9-сәуірде қажет вакцина дозасы әкелініп, ертесінде халықты жаппай вакциналауды бастап кеттік. Қазір күніне 5000-6000 адамды коронавирусқа қарсы егіп жатырмыз. Бұл біздің қаламызға қалыпты көрсеткіш. Әрине, басқа өңірлермен салыстырар болсақ, бұл сан бір жерде аз, бір жерде көп болуы мүмкін. Дегенмен жоспарды толығымен орындаймыз. Ал жоспар дозаның түсіміне байланысты. 

Астаналықтар бүгінде вакцинаны тұрғылықты жері бойынша ғана емес, ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында да қабылдай алады. Вакциналау пунктері Mega SilkWay және «Хан Шатырда» жұмыс істеп жатыр. Алдағы күндері тағы қосымша орын ашылады, ол «Керуен» мен «Абу-Даби Plaza»-да орналасады.

Ресейлік «Спутник V» препаратының екі компоненті миллион тұрғынның тек 11 мыңына ғана салыныпты. Шенеуніктер вакцина салдырып, тезірек бұрынғы өмірге қайтып орала аламыз деп, елордалықтарды белсенді болуға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.