{metadescription}
Каспий жағасынан 20 түйенің өлексесі табылды
Каспий жағасынан 20 түйенің өлексесі табылды

Каспий жағасынан 20 түйенің өлексесі табылды

Каспий теңізінің жағасынан 20 түйенің өлексесі табылды. Түпқараған ауданына қарасты Көсе деген жерде қырылып қалған жануарлар қыста мұз қатқан теңізде суға батып кеткен болуы мүмкін дейді мамандар.

Ойсылқара төлінің өлі денесін теңіздің тулаған толқыны жағаға шығарып тастаған. Қай шаруа қожалығының малы екені белгісіз, іздеушілері де жоқ. Бірақ кейбір тұрғындар осыдан бір ай бұрын бір шаруаның 45 түйесі теңіз жақта жоғалып кеткенін айтып отыр.

Базарда әр түйенің құны 1,5 миллион теңге. Мамандар өлекселерді судан шығарып өртеп, артынан көміп тастаймыз деп отыр.

Мерей Нұржауов, Түпқараған ауданы ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы:

- Қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген. Қазір аудан әкімдігі қызметкерлері, облыстағы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, аудандық ветстанция қызметкелерімен бірлесіп, түйелердің өлексесін жоюға жұмылдырылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.