Мақсат Раманқұлов: Қарапайым қызметкерлердің жалақысын көтеру керек
Қарапайым қызметкерлердің жалақысы көтерілуі керек. Мәжіліс депутаттары мұғалім мен дәрігерден бөлек, санитар, еден жуушы, жедел жәрдем жүргізушісі сынды техникалық қызметкерлердің жалақысын өсіру керектігін айтады. Жыл сайын инфляция қысып бара жатса да, олар әлі күнге 60 мың теңгеге күнелтіп жүр.
Автор: Ербол Тұрымбет
21.04.2021
Мақсат Раманқұлов, Мәжіліс депутаты:
- Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы шамамен 70-75 мың теңге және ол бес жылдан астам уақыт бойы жоғарылаған жоқ. Мектептер мен балабақша техникалық қызметкерлерінің жалақысы шамамен 50 мың теңге. Мұндағы қызметкерлердің көпшілігі өз жұмысын адал атқарады және ондаған жыл бойы осылай жұмыс істейтін шынайы энтузиасттар.
Жыл сайын мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 20-30 пайызға артып жатады. Ал олардың қасындағы жәй қызметкерлер, яғни санитарлар, ассистенттер, еден жуушылар, жедел-жәрдем жүргізушілері, мұражай, өнер, мектеп, балабақша, кітапхана, мұрағат саласындағы өзге де қызметкерлер назардан тыс қалып жатыр. Тіпті тарихшылар, өнертанушылар арасында жоғары білімі бар қызметкерлердің орташа жалақысы 60 мың теңгенің айналасында. Ал инфляция уақыт өткен сайын тұрмысты қиындатып барады. Тауарлар мен азық-түлік бағасының өсуін айтпағанның өзінде, коммуналдық тарифтер де тоқтамай өсіп келіседі. Соның кесірінен осы санаттағы қызметкерлер ипотекалық үйге қолы жетпей, ондаған жыл бойы жалдамалы пәтерде жүр деп ашынды депутаттар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!