{metadescription}
Балқаш маңында «СУ-30» жойғыш ұшағы апатының болжамы
Балқаш маңында «СУ-30» жойғыш ұшағы апатының болжамы

Балқаш маңында «СУ-30» жойғыш ұшағы апатының болжамы

Балқаш маңында құлаған «СУ-30» жойғыш ұшағы  құстарға соқтығысуы мүмкін деген болжам айтылды. Ал ұшқыштар соңғы сәтке дейін ұшақты қондыруға әрекет жасапты.

Жойғыш ұшақ жалғыз жарым емес, бір үйір құспен соқтығысыпты. Сондықтан екі қозғалтқыш та бірден істен шығып, отқа оранған. Өйткені кешкі мезгілде қанаттыларды алыстан байқау мүмкін болмапты. Ал ұшқыштар кабинаның іші түтінге толғанша техниканы басқаруға тырысқан. Құлаған «СУ 30СМ» 2015 жылы әуе күштері қатарына алынған бес ұшақтың бірі екен. Техникалық жағдайында мін болмаған.

Аслай Жұманов, Авиация генерал майоры:

Ұшақ қонуға жақындап қалған. Екіншіден екеуі де бір сәтте тоқтап қалды. Сол себептен ол жерде оны сақтап қалу мүмкін болмаған. Екі ұшқыш та катапультпен секіріп кетті. Олар дұрыс істеді, басқа ол жерде ешқандай амал болған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.