Вакцина: Шетел компанияларымен келіссөз жүргізіліп жатыр
Қазақстан коронавирусқа қарсы вакциналарды жеткізу бойынша шетелдік компаниялармен келіссөз жүргізіп жатыр. Дәлірек айтсақ, сәуір айының соңына қарай 500 мың қазақстандыққа «Пфайзер», «Синофарм» және «Джонсон-Джонсон» сияқты өндірушілердің вакцинасы салынуы мүмкін.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
21.04.2021
Ал қазақстандық вакцинаның тағдыры сол күйі. Әзірге отандық өнім үшінші сынақ мерзімінің жартысына келіпті. QazVac-тың 50 мың дозасы осы айдың аяғына дейін өндірілмек. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан вакцинасының 15 миллиондай дозасы Түркияда өндірілуі керек болатын. Алайда шенеуніктер айтқанынан тартынып отыр. Түріктермен нақты келісім жоқ екен.
Сәуір айының аяқталуына тоғыз күн қалса да, денсаулық сақтау министрлігі жоспардағы 2 миллион адамды егеміз деген сенімде. Қазір ресейлік вакцинаның бірінші компоненті 800 мыңдай тұрғынға салынса, екіншісін тек 120 мыңнан астам адам қабылдапты. «СҚ-Фармацияның» қоймасында «Спутниктің» 900 мың дозасы бар. Вакцина толық алынбағандықтан, Қазақстанда ұжымдық иммунитет әлі қалыптаспаған. Індет соның кесірінен көбейіп, тіпті 800-дей қазақстандық коронавирусты қайта жұқтырыпты.
Зәуре Ахметова, ҚР ДСМ санитария-эпидемиология бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
- Әлемде пандемияның басталғанына екінші жыл. Барлық елде коронавирусты қайта жұқтыру деректері сараланады. Қазақстан да бұл бағытта жұмыс істейді. Қолда бар мәліметке сәйкес, қазір Қазақстанда 800 мыңдай адам COVID-19-ды екінші рет жұқтырды. Әр ауру жағдайымен эпидемиолог мамандар жеке-жеке танысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!