Ковид-19: Қызылорда мен Маңғыстау облыстары «қызыл» аймаққа енді
Қызылорда мен Маңғыстау облыстары індеттің таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енді. Осыған байланысты қос өңірде карантин күшейтіліп жатыр. Мәселен, Маңғыстауда базарлар мен сауда-ойын сауық орталықтарының жұмыс уақыты қысқартылған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
21.04.2021
Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің басшысы:
- Соңғы аптада 6-сәуірден бері қарай 20-сәуірді қоса есептегенде екі апталық көрсеткіште Ақтау 116-ға өсіп отыр. Жаңаөзен 11 жағдайға өсіп отыр. Алдыңғы апталарда ең жоғарғы көрсеткіш Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында болса, соңғы уақытта басқа аудандарда да тіркеліп жатыр.
Қазір қауіптің «қызыл» деңгейінде 3 қала мен 7 облыс тұр. «Сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Алматы облыстары.
Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай тұрақты. Елімізде соңғы тәулікте коронавирус 2696 адамнан анықталған. Күнделікті тіркелетін науқас саны бойынша антирекордты Алматы мен Нұр-Сұлтан бастап тұр. Осыған дейін кеселге шалдыққан халықтың жалпы саны 295 мыңға жуықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!