{metadescription}
Берік Шәріп сотта бірден өзін босатуды сұрады
Берік Шәріп сотта бірден өзін босатуды сұрады

Берік Шәріп сотта бірден өзін босатуды сұрады

Пандемия кезінде пайдаға кенелмек болды деп айыпталған тағы бір шенеунік – «СҚ-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысына қатысты да бүгін алдын ала тыңдау басталды. «Сүттен ақ, судан тазамын» деген Берік Шәріп салған жерден өзін босатуды сұрады.

Берік Шәріп:

- Тергеуге белсенді қатыстым, қашпадым. Тергеу амалдарынан жалтармадым. Өйткені айыпсыз екеніме сенімдімін. Ол қазір істе де дәлелденіп жатыр. Сондықтан адвокаттарымның өтінішін құптап, мені босатуларыңызды сұраймын.

Бірақ судья оның өтінішін қанағаттандырған жоқ. «СҚ-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы сегіз айдан бері қамауда отыр. Ол төтенше жағдай режимі кезінде медициналық өнімдерді сатып алуда лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің айтуынша, соның салдары денсаулық сақтау саласына айтарлықтай зардабын тигізген. Бірақ қылмыстық істің басқа деректері айтылмады.

Сот отырысында Берік Шәріптің дәрігерлері үшін қорғаныш құралдарының жетіспеуіне де айыпты екені айтылды. Соның салдарынан Алматыдағы клиникалық аурухананың дәрігерлері жаппай вирус жұқтырған.

Былтыр бұл мекемеде 300-ге жуық маманнан коронавирус анықталған. Бұл іс бойынша соттың негізгі отырысы алдағы дүйсенбіде басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде