{metadescription}
Экс-министр Елжан Біртановқа жұмыс істеуге рұқсат берілді
Экс-министр Елжан Біртановқа жұмыс істеуге рұқсат берілді

Экс-министр Елжан Біртановқа жұмыс істеуге рұқсат берілді

Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің үйқамақ мерзімі ұзартылды. Бюджет қаржысын жымқыру дерегімен айыпталған Елжан Біртанов бүгінгі онлайн сотқа да үйінде отырып қатысты. Былтырдан бері жүріп жатқан тергеу амалдары біраз қажытса керек, экс-министрдің сақалына дейін ағарып кетіпті.

Сот шешіміне сәйкес, үйқамақ мерзімі 2021 жылдың 14-мамырына дейін ұзартылды. Бірақ таңғы сағат 8 бен кешкі 7 аралығында үйінен шығуға рұқсат етілген. Судьяның айтуынша, бұған дейін үйқамақ талаптарын бұзбағаны үшін адвокаттарының өтініші қанағаттандырылды әрі Біртановқа жұмыс істеуге де рұқсат берілді. Сондықтан оның басқа адамдармен сөйлесуіне болады. Бұған дейін оған отбасы мүшелері мен адвокаттарымен ғана сөйлесуге рұқсаты болған.

Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасында ұсталды. Оған бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деген айып тағылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.