Ақтөбе: Ақжарда үйілген қардың қалдығы ауылды бүлдіріп жатыр
Ақтөбе іргесіндегі Ақжар ауылының тұрғындары шенеуніктерге үйілген қоқыс үшін ашуланып отыр. Әкім-қаралар қыс бойы қалада жиналған қарды осында әкеліп төккен. Енді қар еріп кеткенімен, одан қалған қалдықтары шашылып, ауылдың ішін бүлдіріп жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.04.2021
Бақтылы Сартова, Ақжар ауылының тұрғыны:
- Қырдың басына әкеліп қар полигонын жасады. Жан айқайымыз шықты. Әкімшілікке д, прокуратураға да бардық. Қазір күн салқын, білінбейді. Ал жазда сасиды, шіриді.
Ақжарлықтар уақытша палигонға әу бастан қарсы болған. Сол кезде қоқысқа көміліп отырамыз деп, біраз мекемеге арызданған. Бірақ ешкім құлақ аспай, екі ай бойы ауылдың тап түбіне комуналшылар қар шығарған. Қазір оның орнында қоқыс үйіліп жатыр.
Әкімдіктегілер даурығатындай дәнеңе жоқ деп жайбарақат отыр. Қыстан қалған қоқысты тазартуға 20 шақты жұмысшыны жұмсаған. Олар мамырға дейін сол жерді жылан жалағандай тазалап кетуге міндетті екен. Бірақ қоқыс арасындағы мұз ерімей, жұмысқа кедергі болып отыр дейді әкімдік қызметкерлері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!