{metadescription}
Ауа райы: Бүр жарған ағаштар енді жеміс бере ала ма?
Ауа райы: Бүр жарған ағаштар енді жеміс бере ала ма?

Ауа райы: Бүр жарған ағаштар енді жеміс бере ала ма?

Сәуір болса да, тәуір болмай тұр. Алматыда жапалақтап жауған қар коммуналдық мекеме қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды. Қызғалдақ құлпырған шақта қар күрейтін күрегін қайта қолға алғандар көше тазалауға көшті.

Табиғаттың тосын мінезінен қауіптенген тұрғындарды ауласындағы жеміс ағаштарының жай-күйі алаңдатады. Өйткені бүршік жарғанда қар астында қалған ағаштың жеміс беруі екіталай ейді шарасыз тұрғындар.  

Балғабай Тәжмановтың бағында бірнеше түп жеміс ағашы бар. Отағасы ауласындағы алма, алмұрт, шие мен өріктен жыл сайын бір отбасыға жететін өнім алады. Алайда ауа райының аяқ астынан құбылуы бақтың берекесін қашырған. Бүр жарған ағаштарға қарап қынжылған ол мезгілсіз жауған қардың кесірінен барлығы үсіп кетті ме деп қапаланады.   

Балғабай Тәжманов:

- Кеше қар түнімен жауды. Бүгін азанда да жауды. Оған мен ешқандай түтін қойып үлгере алмадым. Енді алмұрт, алма да биыл жеміс бермеуі мүмкін. Арасында береді. Қарайып үсігені бермейді. Бүгін салқын болса, ешқандай жеміс бермейді. Әшейін талымыз көгеріп бала-шағамызға көлеңке болады.

Сәуір болса да, тәуір болмаған ауа райы коммуналдық мекеме қызметкерлерін де алаңдатты. Күрегін қайта қолына алғандар таңнан бері қар тазалап әлек. Құдды бір қыстың кезіндей ерсілі-қарсылы ағылған арнайы техниканың қарасы көп. Ал мамандар кешеден бері қала ішінде 6-8, ал таулы аудандарда 12 сантиметр қалың қар жауғанын айтады.

Александр Сергеев, Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы:

Су шашатын көліктердің көбісін қайта жабдықтадық. Көктайғаққа қарсы қажет заттарды кеше түннен бастап септік. Барлығына дайын отырмыз. Қарды жинауға және көшедегі тайғақтың алдын алуға мыңға жуық қызметкер қатысты, 395 техника жұмылдырылды.

Синоптиктердің сөзінше, мамыражай мамыр айы жақындағанда жапалақтап қар жауғаннан қауіптенудің қажеті жоқ. Табиғаттың тосын мінезін уақытша құбылысқа балаған ауа райын болжаушылар жақын арада күн жылынатынын айтады.

Дәулет Есебаев, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалының қызметкері:

Жауын-шашын бүгін толық тоқтайды. Алдағы екі күнде қалада күннің көзі ашық болады. Ауа температурасы 10-12 градусқа дейін көтеріледі. Жексенбіден бастап суықтың беті қайтып, келесі аптада  бірте-бірте күн жылынады.

Күн райының өзгеруі көлігін жаздық дөңгелекке ауыстырып үлгергендерге қиын соғатын түрі бар. Сол себепті алматылық полицейлер жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде