Бекітілетін жаңа әліпбидің жобасы 28 дыбысты қамтиды
Қазақстанда латын қарпіндегі жаңа әліпбидің жобасы бекітіледі. Ол 31 әріптен құралған қазақ тілінің 28 дыбысын толық қамтиды. Әліпбидің жетілдірілген нұсқасына қатысты Президент жарлығының жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
22.04.2021
Жаңа әліпбиде апострофтар мүлдем жоқ, олардың орнына тильда, умлаут, макрон, седиль және бревис сияқты арнайы таңбалар қолданылады. Яғни ә, ғ, ң, ө, ұ, ү сынды төл дыбыстар мен «ш» әрпі диакритикалық таңбамен жазылады. Ал C(си), Х(икс), W(даблю) таңбалары шетел тіліндегі цитаталарда қолданылады.
Жетілдірілген жобада тек «Ң» әрпі ғана өзгерген. Жарлық жобасы 6-мамырға дейін талқыланады.
Еліміз жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшеді. 2031 жылға қарай аталмыш міндет толық аяқталуға тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!