{metadescription}
Қызметінен кетірілген Өскеменнің экс-әкімі жаңа лауазымға тағайындалды
Қызметінен кетірілген Өскеменнің экс-әкімі жаңа лауазымға тағайындалды

Қызметінен кетірілген Өскеменнің экс-әкімі жаңа лауазымға тағайындалды

Риддердегі ірі жол апатынан кейін қызметінен кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа лауазымға тағайындалды. Қуат Тұмабаев енді Шығыс Қазақстан облысы экспортты жылжыту департаментінің директоры қызметін атқарады.

Экс-әкімі Қуат Тұмабаев 2018 жылы атышулы жол апатына байланысты өз еркімен қызметінен кетуге мәжбүр болды. Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы азаматты көлігімен қағып өлтірген. Сол көлік салонында Қуат Тұмабаев та болған. Кейін ол бұл оқиға бойынша тек куәгер ретінде жауап берді. Әйтсе де облыс әкімі Даниал Ахметов қоғам назарын аударған келеңсіз жайттан соң оның қызметте қалуға моральдық құқы жоқ екенін айтып орнынан босатқан. Дегенмен екі жыл өткеннен кейін экс-шенеунік  мемлекеттік қызметке қайта оралды. Бірақ оның жаңа лауазымға қалай тағайындалғанына жайлы ешкім тіс жармай отыр. Облыс әкімдігі де, сауда және интеграция министрлігі де қандай да бір сұхбат беруден бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде