{metadescription}
Mad men тобының әншісі есірткімен ұсталды
Mad men тобының әншісі есірткімен ұсталды

Mad men тобының әншісі есірткімен ұсталды

Шоу бизнестен есірткі бизнесіне. Алматыда жасөспірімдер арасында танымал Mad men тобының әншісі есірткімен ұсталды. Әйгілі поп музыкант, продюсерімен қоса синтетикалық есірткінің түр-түрін дайындап сатқан.  

Лақап аты Moora деген әнші мен Q-pop жанрында өнер көрсететін топтың продюсері Руслан Хван ұсталды. Есірткі олардың екі қабатты коттеджінің жертөлесінен табылды. Әнші мен продюсер сонда есірткі дайындайтын үлкен зертхана ашып алыпты.

Синтетикалық наша саудасымен 10 адам айналысқан. Ішінде 21 жастағы қыз да бар. Үшеуі есірткі дайындауға қажет құрамды Ресейден алдыруға жауапты болса, екеуі есепші міндетін атқарған. Қалғаны клиент тауып, тауарды жеткізіп отырған.

Жасөспірімдер арасында әйгілі Mad men тобының әншісі мен продюсері есірткі саудасымен бірнеше айдан бері айналысқан дейді тергеушілер. Енді олардың сахнаға жақын уақытта шыға қоймасы анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде