КВИ: 40 мыңдай науқас емделіп жатыр, 100-і аппаратқа қосылған
Елімізде эпидахуал әлі де күрделі. Соңғы тәулікте індет 3 мыңға тарта адамнан анықталған. Оның 695-і Алматы тұрғыны болса, 574 науқас Нұр-Сұлтан қаласынан. Пневмониямен 123 адам тіркелді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
22.04.2021
Ең қауіпті «қызыл» аймақтағы өңірлерге тоқталсақ, мұнда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстары. Сондай-ақ тұтастай еліміздің батысы орналасқан. Ал «сары» деңгейге бүгін Қостанай облысы қосылды. Бұл қатарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Алматы облыстары да бар. Эпидемиологиялық жағдайы тұрақты «жасыл» аймақта екі облыс қана қалған.
Осыған дейін Covid-19-ға шалдыққан отандастарымыздың жалпы саны 298 мыңға жуықтайды. Дәл қазір елімізде 40 мыңдай адам індеттен емделіп жатыр. Оның 14 мыңы стационарларда. 100 науқас жасанды желдету аппаратына қосылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!