Дүйсенбіден бастап QazVac вакцинасы егіле бастайды
Қазақстандықтарға келесі дүйсенбіден бастап QazVac вакцинасы егіле бастайды. Бүгін Қордай ауданындағы биофармацевтика зауытынан отандық екпенің 50 мың дозасы шығарылды. Оның алғашқы партиясы алдымен Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы және Шымкентке жөнелтіледі.
Автор: Руслан Әбдіхалық
22.04.2021
Сол жерден өзге аймақтарға таратылады. Бұл туралы бүгін вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:
- Өзінің вакцинасын шығарған санаулы ғана мемлекет бар: АҚШ, Ресей, Қытай, Ангилия, Иран. Соның ішінде Қазақстан мемлекеті өз вакцинасын шығарып жатыр. Үш күннің ішінде бәрі әр облысқа жеткізіледі.
QazVac екпесін салу науқаны 26-сәуірден басталады. Ал тұрғындардың қай екпені қабылдау өз еркінде. Келесі айда тағы 50 мың дозасын өндіру жоспарда бар. Бұдан әрі айына 100 мыңнан, одан кейін 500-600 мың дозаға дейін көбейту көзделген. Ал зауыт жылдың соңына қарай толық қуатпен жұмыс істеуге кіріседі. Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілді. Коронавирус инфекциясына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастаратын отандық вакцинаның денсаулыққа қауіпсіздігі де толық дәлелденіпті. QazVac преператы вакцинамен байланысты ауруларды да тудырмайды. Бұл вакцинаны арнайы тоңазытқышта +2 мен – 8 градус температурада сақтау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!