Қарағанды облысындағы екі ауданда 40 гектар жер өртенді
Қарағанды облысындағы екі ауданда 40 гектар жер өртенді. Бұқар жырау және Абай аудандарында болған дала өртінен жолдарды көк түтін басып, көліктер соқтығысқан.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
23.04.2021
Шешенқара ауылының маңында екі көлік бетпе бет соғылған. Көз байлаған көк түтінде бірін-бірі көрмей қалыпты. Жолаушылар түрлі жарақат алған. Өрт сөндірушілер Бұқар жырау және Абай ауданындағы дала өртін әупірімдеп жүріп түн қата ауыздықтаған. Жайылым мен шабындыққа жаңа шөптің шығуын күткендер далаға өздері от қоюы мүмкін деген болжам бар. Бірақ ондайларды үстінен түсіп ұстап алу қиын дейді.
Жанна Дәуренбекова Қарағанды облысы ТЖД ресми өкілі:
- Өрт себебі әлі анықталған жоқ. Табиғи өрт туындауының негізгі себебі – отты абайсыз қолдану, алаулар жағу және ауылшаруашылығы техникаларының ақауы, алау сөндіргіштердің ұшқыны болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!