Атырау облысында автобус ірі жол апатына ұшырады
Он жолаушының жағдайы бір қалыпты. Миы шайқалған жүргізуші ауруханада жатыр. Жұмысқа асығамыз деп апат болғандар – «ЕмбіМұнайГаз» мердігер компаниясында еңбек етіп жүрген жұмысшылар.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
23.04.2021
Кеше кешкісін Теңіз - Сарықамыс тас жолымен жүйіткіп келе жатқан жүк көлігі жұмысшылар мінген автобусты басып озбақшы болған. Осы кезде тізгінге ие бола алмай соқтығысыпты. Бір-бірімен жарысқан көліктің екеуі де жол жиегіне ұшып кеткен. Абырой болғанда жолаушылардың бәрі аман-есен. Түрлі жарақат алған оларға жедел жәрдем қызметкерлері дер кезінде көмек көрсеткен. Аталмыш оқиғаға полицейлер тергеу жүргізіп, апатқа қай жүргізушінің кінәлі екенін анықтап жатыр.
Гүлназира Мұхтарова, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Жол көлік оқиғиғасы 22 сәуір күні кешкі сағат сегіз шамасында Жылыой ауданында орын алды. Зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіліп, олар кері қайтарылды. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!