{metadescription}
Ресей арқылы үшінші елдерге ұшып барып келуге рұқсат етілді
Ресей арқылы үшінші елдерге ұшып барып келуге рұқсат етілді

Ресей арқылы үшінші елдерге ұшып барып келуге рұқсат етілді

Қазақстандықтарға Ресей арқылы үшінші елдерден ұшып келуге рұқсат етілді. Өйткені қазір коронавирустың ушығуына байланысты Қазақстан көп елдермен әуе байланысын шектеген. Енді Ресеймен тұрақты әуе қатынасы бар мемлекеттерге сол көрші ел арқылы барып-келуге болады.

Бұған дейін біздің азаматтар Қазақстаннан Ресейге тікелей әуе рейстерімен ғана кедергісіз ұшып келе алатын, үшінші елдер арқылы ұшып келу осы елдерде тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана мүмкін болған.

Енді талап жеңілдетілді. Қазақстандықтар Ыстамбұлға Мәскеу арқылы ұшып кете алады. Ресей билігі түрік тарапымен әуе рейстерін жазға дейін тоқтатқанымен, ірі қалаларға ұшырылып жатыр.

Көрші елге біздің жолаушылар Мысыр, Мальдив пен Сейшел аралдары, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия және тағы да басқа елдерден ұшып келе алады. Ресей шекарасынан өткенге коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест болуы міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде