{metadescription}
Арқар атқан браконьерлер полиция қызметкері болып шықты – Маңғыстау облысы
Арқар атқан браконьерлер полиция қызметкері болып шықты – Маңғыстау облысы

Арқар атқан браконьерлер полиция қызметкері болып шықты – Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында арқар атқан аңшылар  ұсталды. Қаскөйлер табиғат қорғаушыларын көре сала, тым-тырақай қашқан. Бет-жүзін бүркеген төрт браконьердің екеуі полиция қызметкері болып шықты.

Заңсыз аң аулауға шыққан тәртіп сақшылары инспекторларды сөзге тартып,  жазадан құтылып кетуге әрекеттенген. Алайда табиғи парк өкілдері оған  көнбепті. Қаскөйлер ерекше қорғалатын «Қызылсай» табиғи паркінің аумағында ақ көлікпен ойқастап жүрген. Табиғат қорғаушылары оларды 100 шақырымдай қуып жүріп ұстаған.  Браконьерлердің көлігінен төрт аңшы мылтығы мен жабайы аңның еті тәркіленді. Қызыл кітапқа енген түз тағысын атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Омар Сәрсенғазиев, «Қызылсай» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры:

- Шетпе ауылының төрт азаматы болған. Әрқайсының қолында бір-бірден мылтық болған. Көлікті тексеру, қару-жарақты алу, олжалаған өнімнің хаттамасы толтырылып, Маңғыстау ауданының полиция бөліміне тапсырылды. Ішінде екі полиция қызметкері бар екені белгілі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде