{metadescription}
0:000:00
QazVaс: Отандық екпенің артықшылығы неде? Кері әсері бар ма?

QazVaс: Отандық екпенің артықшылығы неде? Кері әсері бар ма?

Елімізде бүгіннен бастап Жамбыл облысында шығарылған QazVaс вакцинасы да салына бастады. Коронавирусқа қарсы отандық екпені алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау министрі орынбасарымен бірге қабылдады.

Алексей Цой оның сапасына сенімді. Қазақстандық препараттың алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жеткізіліп, емханаларға үлестірілген.

Бүгіннен бастап қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігіне ие болды. Енді екпе салдыруға келген адамға ресейлік «Спутник-V»-мен қатар өзімізде өндірілетін QazVaс вакцинасы да ұсынылады. Отандық екпенің алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жеткізіліп қойған. Қазір қоймада жатқан препарат медицина мекемелеріне үлестіріліп жатыр. Аталған екпе ең алдымен кеселмен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер, сосын мұғалімдер мен полицейлерге салынады.

QazVaс-ты алғашқылардың бірі болып, өзі уәде еткендей, денсаулық сақтау министрі салдырды. Таңмен таласа емханаға барған Алекей Цой отандық екпенің мақтауын асырды. Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігіне министр 100 пайыз сенімді. 

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Вакцина өндірісін ұлғайтуға түрлі алаң қарастырып жатырмыз. Мысалы, түрік серіктестеріміздің алаңы. Сонымен қатар Қордай ауданындағы зауыттың құрылысын аяқтап қалдық. Қазір кәсіпорын құрал-жабдықтарын орнатудың барлық кезеңінен өткізіліп жатыр. Біздің азаматтар вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екеніне көз жеткізді. Қазақстанның әрбір 20-ыншы азаматы екпе салдырған.

Басшысының ізін ала, денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Марат Шоранов та отандық екпе қабылдады. Шенеуніктің айтуынша, QazVac вирустың «оңтүстікафрикалық», «британдық» және өзге де штаммдарына тойтарыс бере алады.

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Біздің ережеге сәйкес, үш деңгейдегі фазаның 50 пайызын бітіргеннен кейін екпе қабылдауға болады. «СҚ-Фармация» компаниясымен және Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі институтпен жыл соңына дейін вакцинаның 2 миллион дозасын әзірлеу туралы келісімге қол қойылды. Жылдың соңына дейін отындық екпе еліміздің өңірлерінде пайда болады.

Дегенмен алғашқы күннен QazVac вакцинасын салдырып жатқандардың қарасы аз. Аймақтардағы емханаларда әзірге қарбалас байқалмайды. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласында отандық өнімнің шапағатын көру үшін осы күнді күтіп жүргендер бар екен.

- Отандық вакцинаны салдырдым. Жағдайым жақсы.

Айгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- QazVac вакцинасы 36 медициналық ұйымға жеткізілді. Әзірге тек емханаларға. Ойын-сауық орталықтарына жеткізу сұрағы әлі қарастырылып жатыр. Осы күнді күткендер де бар. Отандық өнімді салдыруға. Бастапқыда қорқу болса, қазір вакцинаның кезегіне тұруға дайын.

QazVac-ты Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген. Оның ресейлік «Спутник-V»-ден айырмашылығы – жеткізуге күрделі тоңазытқыш қондырғылары қажет емес және вакцинаны +2 мен -8 градус температурада тасымалдауға болады. Жамбыл облысындағы ғылыми институтта келесі айда қазақстандық препараттың тағы 50 мың доза дайын болады. Ал тамызда үлкен зауыт іске қосылса, өндіріс көлемі еселеп ұлғаймақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Кеше

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.