{metadescription}
Сәтбаев ауылында Мәдениет үйі құлағалы тұр – Павлодар облысы
Сәтбаев ауылында Мәдениет үйі құлағалы тұр – Павлодар облысы

Сәтбаев ауылында Мәдениет үйі құлағалы тұр – Павлодар облысы

Павлодар облысында тұрғындар жібі түзу  мәдениет ошағына қол жеткізе алмай жүр. Сәтпаев ауылында түрлі  шара өткізіп бас қосатын жалғыз осындай нысан бар. Бірақ оның тоз-тозығы шығып ескіріп, құлаудың аз алдында тұр. Тұрғындар ауыл клубын жөндеп беруін сұрап   түрлі құзырлы орындарға шағым хат жолдап жүргеніне үш жыл болыпты.

Бірақ ауылдағы ағайынның мәдени өмірін ойлап селт еткен жан жоқ. Жергілікті әкімдік  тағы бір жыл шыдаңдар, ауылды гүлдендіреміз деуден аспайды.    

Кіреберістегі маңдайшада мемлекеттік елтаңба жарқырап тұрғанымен, жылтыр өрнектен құрастырылған қабырғадағы суреттер де күңгірт тартқан. Сырт қарағанда ескі ғимаратты Мәдениет үйі деуге аузың бармайды. Бірақ  бұл Сәтпаев ауылындағы жалғыз мәдени мекеме. «Жөндеп ретке келтірмесе, құлап қалуы мүмкін», - дейді ауыл тұрғындары.

Нұрлыгүл Солтақова, Сәтпаев ауылының тұрғыны:

- Жөндеу жасалмаған соң төбесінен тамшы ағып, іші көгеріп, саз тартып барады. Іргесі сөгіле бастады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен бюджеттен қаражат бөлініп, 2021 жылға қалдырылған. Міне, көріп тұрғаныңыздай, еш тірлік жоқ.

Мәдениет үйінде түрлі үйірмелерден басқа бильярд пен үстел теннисі, тіпті кітапхана да болған. Ғимараттың қабырғалары сыз тартып көгере бастаған соң, кітаптарды ауылдағы жер үйлердің біріне апарып қойыпты. Апатты нысанның бір күні төбесі құлап, болмаса едені опырып кетуі ғажап емес деп отыр тұрғындар. Ауылда 500-ден астам жан болса, соның көпшілігі – жастар. Бірақ олардың кешқұрым бос уақытын өткізетін орын жоқ.

Медет Қинаят, Сәтпаев ауылының тұрғыны:

- Ауылдың жастарының баратын  жері жоқ. Құр мектеп бар, соны айналып жүреміз. Мәдениет үйі тұрғанда, неге осыны жөндеп алмасқа?

Әу баста Мәдениет үйін жөндеу биыл жүргізілетін болып шешілген. Бірақ шенеуніктердің өз жоспары бар көрінеді. Айтуларынша, олар бұл мәселені кешенді түрде қарастырмақ. Тек бұл ғимарат қана емес, күллі ауыл жаңаша түрленеді дейді атқамінерлер. Қазір соның құжаттары әзірленіп жатыр екен.

Ғалым Әмиев,Сәтпаев ауылдық округінің әкімі:

- 91 миллион 174 мың теңгеге мемлекеттік сараптамадан өткен, сметалары әзір тұр. Көшелерді жарықтандыруға қажет құжатты да дайындадық. Ауылдың барлық жолын да асфальттағалы жатырмыз. 

Әкімнің айтуынша, ауыл келер жылы «жарқырап, адам танымастай өзгереді» екен. Осындай жағымды  жаңалықты көптен күтіп жүрсе де, тұрғындар бұл сөзге сенбеді. «Әкімдер ауылды  түрлентеді» деп жүргенде Мәдениет үйі құлап қала ма деп уайымдайды. Созбалаңға салмай, мәселені тезірек шешуін сұрап, кезекті шағым хатты  мәдениет министрлігіне жөнелтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде