{metadescription}
Талдықорғанда бүгін 71 автобус жұмысқа шықпады
Талдықорғанда бүгін 71 автобус жұмысқа шықпады

Талдықорғанда бүгін 71 автобус жұмысқа шықпады

Талдықорғанда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды. Соның салдарынан 11 бағыт бойынша жүретін 71 автобус бүгін жолаушыларға қызмет көрсеткен жоқ. Жүргізушілердің бұлай наразылық білдіруіне төрт айдан бері жалақы көрмеуі себеп.

Жолаушы тасымалымен айналысатын екі компанияның қызметкерлері жалақысын бұған дейін де талап еткен. Алайда басшылары құрғақ уәдемен уақыт созып келіпті. Еңбекақыдан қағылған 100-ге тарта жүргізуші қазір қарызға белшесінен батқан. Ал әкімдіктегілер жұмысшыларын ақшасыз қалдырған қос серіктестік алдында берешегіміз жоқ деп сендірді. Сондықтан мәселенің неден туындағанын түсінбей дал.

Нұр Қанатұлы, Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Екі кәсіпорынның жүргізушілері алдындағы берешегі Талдықорған қаласының әкімдіге түсініксіз себептермен пайда болды. Алматы облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасы, Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілдерінің және екі кәсіпорын басшылығының қатысуымен кеңес өткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпорындардың қызметін тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде