{metadescription}
Асылып өлген күдікті жесір әйелмен азаматық некеде тұрыпты
Асылып өлген күдікті жесір әйелмен азаматық некеде тұрыпты

Асылып өлген күдікті жесір әйелмен азаматық некеде тұрыпты

"Өлген адамға тыныштық берсін". Атырауда жесір әйелді балтамен ұрып, артынан асылып қалған жігіттің туыстары бақилық болған жанға жала жапасын деп ашынды. Әпкелерінің айтуынша, жәбір көрдім деген әйелмен бауырлары азаматтық некеде тұрған.

Гүлімжан Уытова, марқұмның әпкесі:

- Біздің үйге келін болды. Үлкен кісілер қатынастарын өзі шешеді ғой. Әкеміз ауру адам. Обырмен ауырады. Ауруханаға барып қаралып жүр. Күнде кешке жұмыстан келіп шәй беріп отырады, осылай. Міне, фото бар. Жалған ақпараттың керегі жоқ. Өлер адам өліп қалды.

20-сәуірде күдікті қыздарының көзінше жесір келіншектің басынан балтамен ұрып, кейін өзі асылып қалған. Ол жәбірленушінің қыр соңынан қалмай, бірнеше ай бойы зәбір көрсеткен. Ал қылмыскерді дер кезінде құрықтамаған 7 полицей жұмыстан қуылды. Алайда марқұмның жеңгесі қайным ешкімді зорламады дейді. Тіпті әйелді бір ай бойы қинап келді деген жігіт өгей қыздарын бауырына басып, екеуі бірнеше ай бірге тұрған.        

Шұғыла Шарипова, марқұмның жеңгесі:

- Ондай болатын болса, бес жасар қызды тастап, жұмысқа кете ала ма? Зорлық-зомбылықпен бір ай бойы ұстады дейді ғой. Ал жақсы, полицияға хабарласты, еш шара қолданбады деп жатыр. Егер зорлық-зомбылық көретін болса, ол қалай жұмысқа барады?! Ол жұмысқа барса, көке-ау, жұмыстағыларға жармасып айтпай ма?! Осылайда осылдай деп. Ол жұмысқа кетеді. Кешке келіп шайын дайындайды. Атасының шайын береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде