Ashyq жобасы жоқ кафе, мейрамханалардың уақыты қысқартылуы мүмкін
Нұр-сұлтанда Ashyq жобасына қатыспайтын кафе мен мейрамханалардың уақыты қысқартылуы мүмкін. Ал жүйемен жұмыс істейтіндердің айы оңынан туайын деп тұр. Оларға демалыссыз келушілерді қабылдауға түнгі 12-ге дейін рұқсат.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
27.04.2021
Ashyq қосымшасын қолданбайтын мейрамхана, кафе және өзге де шағын және орта бизнес нысандары қазір сенбі-жексенбі күндерден бөлек, сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеп жатыр. Басты талап кәсіпкерлер өз қызметкерлері мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер бір жерден мүлт кетсе, жұмыс уақыты екі сағатқа қысқартылады.
Ashyq-қа қосылған бизнес иелері бұл жағынан бас қатырмаса да болады. Олардың аптаның жеті күнінде де, түнгі 12.00-ге дейін есіктері ашық. Бүгінде қосымшаны 1658 кәсіп иесі қолдануға көшкен. Осы аптаның ішінде тағы 5000 бизнесмен жоба қатысушысы болмақ.
Аshyq жұмыс істегелі 809 «қызыл» мәртебедегі келушінің ары-бері сайран салғаны анықталыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!