Араққа сылқия тойып алып, зейнеткерді сабаған
Ақтөбеде еш себепсіз зейнеткерді сабаған тұрғын ұсталды. 33 жастағы күдікті араққа сылқия тойып алып, сол күні не істеп не қойғанын білмейтінін айтады.
Автор: Жаңалық Ахаш
28.04.2021
- Есімді білген жоқпын. Қатты ішкем. Кешірім сұраймын. Мойындаймын. Иә, жүкші болып жұмыс істеп жүрдім. Қазір жұмыс істемеймін, боспын.
64 жастағы зейнеткерді подъезге кірген бойда күдікті артынан келіп жерге алып ұрады. Бетінен жұдырығымен бір ұрып қашып кетеді. Соққыға жыққан егде әйелді бұрын ол көрмеген, танымайды да. Күдіктінің сөзінше, сол күні Хромтаудан келіп облыс орталығынан пәтер жалдапты. Жалғыз өзі ішімдікке тойып, мастықпен жалаң аяқ көше аралап кеткен. Тәртіп сақшыларына оны жедел ұстауға жалаң аяқ жүргені септігін тигізген. Дәмханалардың бірінің қызметкері аяқ киімсіз жүрген тұрғынға таң қалып, оны учаскелік полицейге хабарлаған. Күдікті бұрын да бұзақылық жасағаны үшін істі болған екен. Ал зейнеткер әйел дін аман.
Талғат Берденов, Ақтөбе қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Бұған дейін аталған азамат көшеде ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әйелдің адамның жағдайы жақсы. Қалалық ауруханаға қаралды, қазір үйінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!