{metadescription}
ШҚО: 200 миллиондық синтетикалық психотроптық зат тәркіленді
ШҚО: 200 миллиондық синтетикалық психотроптық зат тәркіленді

ШҚО: 200 миллиондық синтетикалық психотроптық зат тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олардан құны 200 миллион тұратын синтетикалық психотроптық заттар тәркіленген.

Қылмыстық топ жеті адамнан құралған. Өскеменде ұсталған төрт азамат Павлодар облысының тұрғындары. Олар облыс орталығынан пәтер жалдап, нашақорларды есірткімен қамтамасыз етіп келіпті. Ал сатып алушыларды әлуметтік желі арқылы тауып отырған. Артынан алушыларға синтетикалық психотроптық заттарды түн жарымда жеткізіп беріп жүрген. Ал оларға есірткіні Алматы облысында тұратын отбасы жөнелтіп отырыпты. Яғни есірткіні автокөлік бөлшектері ретінде рәсімдеп, логистикалық компаниялар арқылы көрші облысқа аттандырып отырған. Бірақ арам ойлары іске аспады. Қазір барлығы қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде