{metadescription}
Сасыққа тұншығып көмек сұраған жұртты полиция сүйрелеп алып кеткен – Шымкент 
Сасыққа тұншығып көмек сұраған жұртты полиция сүйрелеп алып кеткен – Шымкент 

Сасыққа тұншығып көмек сұраған жұртты полиция сүйрелеп алып кеткен – Шымкент 

Шымкентте нәжістің иісінен зәрезап болғандарын айтып көмек сұраған тұрғындарды полицейлер әкетті. Бүкіл қаланың қалдық суы құйылып жатқан Сасықкөл маңайында тұратын жұрт қалдықты қаладан тыс жерге ағызыңдар деп талап қоймақшы болған.

Бірақ билікке талап етпей жатып, полицейлер белсенді әйелдерді таң атпай алып кеткен. «Жағымсыз иістен бұрын әйелдерді босатыңдар» деген жұрт көшеде полицейлермен жанжалдасып қалды. 

Бүкіл Шымкенттің нәжіс суы құйылып жатқан көлдің іргесінде тұратындар сасық иістен зәрезап болдық деп жылдар бойы билікке шағымданумен келеді. Бүгін кезекті рет тұрғындар жиналмақшы болған еді. Бірақ көршілерін көшеге шығуға үгіттеген бірнеше әйелді полицейлер таңертең үйінен сүйреп әкеткен.   

Нұрлыкүл Өсербаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Қызым елдің мәселесін көтергені үшін, Боқкөлді жабам дегені үшін кінәлі болды. Соған адамдарды бүгін әкімдікке келетін болғаннан кейін жинағаны үшін кінәлі. Ештеңе деген жоқ. Еш нәрсе айтқан жоқ. Келді де, дарбазада баласын көтеріп тұрған, баласын жұлқылаа алып кетті. Мен үйден шыққанша, «мама» деді. Үйден шыққанымша баласымен көлікке тығып жатыр.   

Жақындарынан көз жазып қалғандар оларды қайда әкеткені туралы полицейлерден сұрағанымен, олар ештеңе білмейтін болып шықты. Тіпті тәртіп сақшыларымен тұрғындар жаға ұстаса жаздаған. Елдің қарасы қалыңдай бастағаны сол еді, полицейлер азая бастады.

Ынтымақ ауылының жұртын бірнеше жылдан бері наразылығын туғызып жатқан іргеде ағып жатқан нәжіс тола су. Ел бұл судың атын Сасықкөл деп атап кеткен. Сасықкөлдің бойына алғашқы үйлер осыдан он жыл бұрын түсе бастаған. Содан бері ауыл үлкейіп, қазір тұтас Ынтымақ шағынауданына айналды. Көл бойында жер үйлер әлі де салынып жатыр. Көлдің көлемі де ұлғаюда. Қоршауы болмаған соң мал да осында жайылады, балалар да осында ойнайды.

Жергілікті әкімдік әу баста жер салуға рұқсат беріп учаскелерді сата бастағанда, көп ұзамай сасық көл жойылады деп уәде берген. Әуелде әкім сөзіне сенген ел сасық иіске тұншығып әлі жүр. 

Ерлан Серікбаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Не деген сұмдық мынау! Бұл иіске адам шыдай алмайды! Бала-шағамен демала алмай қалдық қой! Алдымызда жаз келе жатыр. Тереземізді аша алмаймыз. Балаларымыздың бәрі ауырып жатыр. Шетінен ауырып жатыр. Дизентерия осыдан пайда болады. Аурудың бәрі кеп жатыр.  

Осыған дейін мұндағылардың мәселесіне мұрнын шүйіре қарайтын кәріз жүйелеріне жауапты шенеуніктер  бұл жолы мұрнын мүлдем жауып алды. Себебі, жағдайды көзбен көріп, яғни өздері иіскеген соң ба, бірден биылдан қалмай шешеміз деп тағы сөз берді.

Анарбек Орман, Су ресурстары, маркетинг мекемесінің бас директоры:

- Қаланың коммунал-шаруашылық басқармасының бастығымен сөйлестім. Ол кісіге түсіндірдім. Біріншіден, экологиялық рұқсат керек. Екіншіден, нөсер кәрізін тазалау қондырғысын орнату керек. Сол мәселені шешіңіз дедім, біз өз тарапымыздан тастап жатқан полигонды басқа жаққа көшіру мәселесін шешеміз дедік. Ол кісі келісімін берді.

Егер жауапты басшылардың сөзіне сенсек, қаланың нәжіс суы жиналатын полигонды үш шақырым арыға жылжытпақшы. Ол кезде Ынтымақ жұрты иістен құтылатын көрінеді. Ал карнтин кезінде халықты жинамақ болды деп полицейлер алып кеткен әйелдерді ақыры босатыпты. Енді олар тәртіп сақшалырының өзін жауапқа тартқызуға прокуратураға шағым түсіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.