{metadescription}
Ассамблеяның XXIX сессиясы: Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды
Ассамблеяның XXIX сессиясы: Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Ассамблеяның XXIX сессиясы: Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды. Енді Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы міндетін ел президенті қоса атқарады. «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» деп аталатын ассамблеяның бүгінгі XXIX сессиясында осындай шешім қабылданды.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы:

- Жылдар бойы өз басым елдің бірлігіне, табысты болуына, қауіпсіздігіне, тұрақтылығына ерекше басымдық беріп келемін. Бірақ кейбір оппозиционерлердің: «Ол үнемі тұрақтылық пен тыныштықты айта береді» деген сөздерін естідім. Сонда тұрақсыздықтың жақсы болғаны ма? Алайда тұрақсыздықтың не екенін барлығымыз көріп жүрміз. Революциядан көз ашпайтын, соғыс пен бүлікке әбден үйреніп алған мемлекет дамымайды, көш соңында қалады.

Сессияда егемендікті енді алған Қазақстанның сол кезгі ахуалы да айтылды. Тоқсаныншы жылдары 2 миллион қазақстандық жұмыссыз қалып, халықтың 47 пайызы кедейліктің төменгі деңгейінде өмір сүрді. 3 миллионға жуық азамат шетел асып, елде 14 миллион тұрғын қалды.

Қазір халық саны 19 миллион шамасында. Оның 70 пайыздан астамы мемлекет құраушы ұлт – қазақтар. Бұл ретте қазақ тілін оқуға ықылас білдіргендерді қолдаудың маңыздылығы жоғары деп атап өтті Елбасы. Ассамблеяның бүгінгі сессиясына 600-ден аса адам онлайн қатысты. Олардың арасында барлық өңірдегі мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары және шығармашылық интеллигенция бар.

Сессияда 26 жыл төрағалығын түйіндеген Нұрсұлтан Назарбаев бұл міндетін Тоқаевқа тапсырды. Өз кезегінде президент Нұрсұлтан Әбішұлына Ассамблеяның құрметті Төрағалығына тағайындауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан халқымен мемлекеттің алдындағы тарихи еңбегіңізді ескерсек, бұл мәртебе сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшесі осы ұсынысты қолдайтынына сенімдімін. Ассамблея  бұрын-соңды ешбір елде болмаған бірегей құрылым. Басқа мемлекеттер де біздің үлгімізбен түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын осындай ұйым құруды бастады. Бүкіл қоғамды ұйыстырып, ырыс-ынтымағымызды арттыру аса өзекті мәселе. Біз әрқашан «Береке басы - бірлікте» деген қастерлі қағиданы ұстандық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде