Қаржы пирамидасына алданғандар: Менеджер мен есепшісі де жауап берсін
Менеджер мен есепшісі де жауап берсін. Алматыда «Гарант 24 Ломбард», «Estate Ломбард» және «Выгодный займ» қаржы пирамидаларына алданғандар құзырлы органға осындай шағым түсірді. Алданған салымшылар атышулы несие ұйымының басшысымен ым-жымы бір қызметкерлері жазадан сытылып кете ме деп қорқады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
28.04.2021
Ақкенже Омарова, Алматы қаласының тұрғыны:
- Сол уақытта жұмыс істеген менеджерлер, ақшаны алған кассирлер бізге көмектессін, болмаса жауап беру керек. Неге десеңіз, осы компанияда істеген менеджерлер мен есепшілер ұйым жабылған соң үй, көлік алған. Үйлерін жөндеп алған. Ол қандай ақшаға жасалған? Салымшылардың ақшасына деген дерегіміз бар.
Күмәнді ұйымдардың «ертегісіне» сеніп опық жеген алматылықтардың наразылыққа шығуы үйреншікті жайт. Байыз таппай, арыз-шағымын жаудыратын қарашаның мақсаты – құйған ақшаларын тезірек қайтарып алу. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі салымшылар алаяқтардың қақпанына түскенін өткен жылдың басында білген. Сол уақыттан бері қаржы пирамидаларының 2 млрд теңгені құрайтын мүлкі тәркіленді. Ал атышулы ұйымның негізін қалаған үш адамның біреуі ғана ұсталған. Екеуі әлі шетелде бой тасалап жүр. Ал олардың жұртқа келтірген шығыны 20 миллиардтан асып түседі. Қазір аталмыш іске қатысты тергеу аяқталған.
Жанболат Әбдірайымов, ҚР ІІМ аса маңызды істер бойынша аға тергеуші:
- 17 мыңнан астам адам жәбірленуші болып танылған қылмыстық істе 50 адам күдікті. 33 күдіктісі қазір тергеу изоляторында. Қазір қылмыстық іс материалдарымен танысу аяқталып қалды. Танысу процесінен кейін прокурор тексеріп, іс сотқа жолданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!