{metadescription}
Көптоғайда анасы төрт айлық сәбиін пышақтап өлтірді –  Атырау облысы
Көптоғайда анасы төрт айлық сәбиін пышақтап өлтірді –  Атырау облысы

Көптоғайда анасы төрт айлық сәбиін пышақтап өлтірді –  Атырау облысы

Атырау облысы Құрманғазы ауданында төрт айлық нәрестені өз анасы пышақтап өлтірді. Сәбидің кеудесіне суық қарумен бірнеше рет соққы жасаған әйел қазір тергеліп жатыр. Шақалақты шыңғыртып пышақтап жатқанын байқап қалған көршісі бірден полицияға хабар берген.

Жантүршігерлік жағдай Көптоғай ауылында болған. Тәртіп сақшылары нәрестенің мүрдесін тапқан бойда әйелді ұстап әкетті. Ол кезде үйдің отағасы жұмыста еді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, шейіт болған сәби олардын тұңғышы екен. 42 жастағы күдікті қазір психолог мамандардың да бақылауында. Дәрігерлердің пайымынша, ол  босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшырауы мүмкін. Туған шешесінің қолынан өлген қыз баланы бүгін ағайын-туысы жер қойнына тапсырды.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

- 26 сәуірде Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында дене жарақатымен төрт айлық нәрестенің мүрдесі анықталды. 1979 жылы туған күдікті анықталып, ҚПК 128-бабының талабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде