{metadescription}
Қырғыз-тәжік шекарасы: Тұрғындардың қырғыны әскери қақтығысқа ұласты
Қырғыз-тәжік шекарасы: Тұрғындардың қырғыны әскери қақтығысқа ұласты

Қырғыз-тәжік шекарасы: Тұрғындардың қырғыны әскери қақтығысқа ұласты

Қырғыз-тәжік шекарасында төтенше жағдай. Суға талас атысқа ұласып, 14 адам ауыр жараланды. 12-сі – Қырғызстан азаматы.

Жағдайдың одан әрі ушығып кетуінен қауіптенген қырғыз билігі шекарадағы үш бірдей ауылды көшіріп алды. Ал таңертең басталған тұрғындар арасындағы қырғын әскери қақтығысқа ұласып, қарсы тараптар пулемет пен минометтен оқ жаудырып жатыр.  

Соғыс басталды! Баткенде соғыс басталды!

Бұл кадрлер қырғыз-тәжік шекарасындағы Кок Таш ауылында түсірілген. Атыс осындағы Төрткөл су қоймасы үшін басталған. Тәжікстан тарапы су каналына бейнебақылау таспасын орнатып, сонысымен қырғыздардың ашуын туғызыпты.

Негізі Төрткөл су қоймасы Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы алқаптарды суғаруға қолданылады. Алайда әр тарап оны өз меншігі деп санайды.

Тұрғындар арасында басталған қырғын әскери қақтығысқа ұласты. Екі елдің шекарашылары пулемет пен минометтен оқ жаудырып, 14 адам ауыр жараланған. Оның 12-сі – қырғыздар.

Атысты кімнің бірінші бастағаны белгісіз. Тәжік тарапы қырғыздар десе, қырғыздар атысты тәжіктер бастады деп отыр. Жағдайдың бұдан әрі өршитін түрі бар. Өйткені Бішкекте белсенділер шекараға соғысуға баратын еріктілерді жинап жатыр деген мәлімет тарап жатыр.

Қырғыз билігі шекарадағы 400-ден астам үйді көшіріп алды.

Қырғыз-тәжік арасындағы қақтығыс бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Оның бірден-бір себебі – су мен жер дауы.

- Егер биліктің қолынан келмесе, біз өзіміз даярмыз. Өлімге баруға да даярмыз. Біз тәжіктерден қорықпаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде