Коллекторлар борышкермен қатынасын бейне/аудиоға жазуға міндетті
Бұдан былай коллекторлық агенттіктер борышкермен арадағы бүкіл процесті бейнежазбаға және аудиоға жазуға міндетті. Бұл коллекторлар тарапынан болатын дөрекі қарым-қатынас пен заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін керек.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.04.2021
Сенат депутаттары бүгін банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселесі бойынша заңға осындай түзетулер енгізді.
Коллекторлық агенттіктер борышкерге тіркелмеген телефон номерлерімен де хабарласа алмайды. Депутаттар оған да заңмен тыйым салды.
Сенаторлар азаматтардың несие тарихын сақтауды 10 жылдан бес жылға қысқарту туралы да заңға өзгеріс енгізді. Қазір елімізде несиесін төлеп жатқан, төлеп болған немесе мерзімін өткізіп алғандарды қоса алғанда, барлығы 6 миллион 700 мың несие алған азамат бар. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осындай мәлімет келтірді. Оның ішінде бір жарым миллионы несие мерзімін өткізіп алса да, толық төлеп болған. Бірақ банктер несие тарихы нашар деп есептеп, оларға қарыз бермейді.
Ольга Перепечина, Сенат депутаты:
- Банктер соңғы 10 жылда қарызын уақтылы төлей алмай мерзімін өткізіп алғандарға несие бермейді. Сондықтан несие тарихын 10 жылдан бес жылға дейін қысқарту 490 мың азаматқа қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржылық ұйымдардан несие алуға мүмкіндік береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!