{metadescription}
«Ашық» арқылы анықталған карантинді бұзушылар көбейген
«Ашық» арқылы анықталған карантинді бұзушылар көбейген

«Ашық» арқылы анықталған карантинді бұзушылар көбейген

Елордада «Ашық» электронды жүйесі арқылы анықталған карантин тәртібін бұзушылар көбейе бастады. Тек сәуір айында қалада 700-ден астам адам үй карантинін бұзып, қоғамдық орындарға барған.

Соңғы аптада қалада вирус жұқтырушылар саны 100 мың адамға шаққанда 300-ден 285 адамға азайғанымен, ол бәрібір де қауіпті деңгей саналады.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері:

- Жұқтырушылар арасында, әсіресе ересектер мен жасөспірімдер арасында қатты байқалады. Олардың арасында ең көбі – ересектер үлесі 80 пайыз. Балалар арасында жұқтырғандар 17 жарым пайыз, 2,9 пайызы жасөспірімдерге тиесілі. Ересектер мен жасөспірімдер 18-29, 30-39 жас аралығындағылар көп жұқтырып жатыр.

Үй карантинін бұзғандардың арасында 300-і таза ковидпен ауырғандар. Қалғаны байланыста болғандар.

«Ашық» жүйесіне кірген, бірақ оның тәртібін бұзған кәсіпкерлік нысандары екі аптаға «ашықтан» шығарылады. Қайталап бұзса, екі айға шеттетіледі. Бұл ереже бәріне әсер ете бастаған. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілінің айтуынша, бастапқы кезде жобаға 30 шақты нысан қатысса, бүгінде 200-ден асқан.

Ал жүйені қолданушылар саны 432 мың адамға жетіпті. Қаланың бас санитар дәрігердің айтуынша, астана бір жарым ай бойы «қызыл» аймақта тұр. Күніне 300-ден 600-ге дейін жағдай тіркеледі. Жыл басынан бері қалада ауырғандар саны 26 мыңнан асса, пандемия басталғалы бері 44562 жағдай тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде