Бір тәулікте 2 883 адамнан коронавирус анықталды
Елімізде бір тәулікте 2 мың 883 адамнан коронавирус індеті анықталды. Бұл бір күн бұрынғы дерекпен салыстырғанда 200 адамға өскен. Ал Маңғыстау облысы бүгін «қызылдан» «сары» аймаққа ойысты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
29.04.2021
Коронавирус жұқтыруда көш басында Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды облысы тұр.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарындағы жағдай «қызылда».
«Сары» аймақтағы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының қатарына Маңғыстау облысы бүгін қосылды.
Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай салыстырмалы түрде жаман емес. Осы үш өңір ғана «жасыл» аймақта. Қауіпті кесел бір тәулікте 17 адамның өмірін қиды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!