{metadescription}
Қызылордада жоғалған алты жасар баланың денесін тапты
Қызылордада жоғалған алты жасар баланың денесін тапты

Қызылордада жоғалған алты жасар баланың денесін тапты

Қызылордада жоғалған алты жасар баланың өлі денесі табылды. Кешелі бері іздеу жарияланған Әлтайыр Бақыт жеке тұрғын үйдің кәріз құдығына түсіп кеткен.

Жеткіншек үш жасар бауырын ертіп аулаға ойнауға шыққан. Алайда көп ұзамай інісі үйге қайта кіреді. Ал Әлтайыр сол кеткеннен оралмайды. Дереу тәртіп сақшыларына хабар береді. Іздеу жұмыстарына тәртіп сақшыларынан бөлек, ұлттық гвардия сарбаздары мен төтенше жағдай қызметкерлері тартылды. Еріктілер де бүкіл қаладан іздеуге кірісті. Бірақ бір күннен соң ғана жеке үйдің кәріз құбырынан өлі денесін тауып алды. Ашық жатқан құдық қожайыны оқиғаға қатысты тіс жармай отыр. Ал қала тұрғындары Қызылорданың жеке секторында мұндай ашық-шашық жатқан кәріз құдықтарының көп екенін айтады. Оның қақпағын бітеуге үй иесі бас қатырмайтын көрінеді.

Расул Жәрменов, Қызылорда қаласының тұрғыны:

- Жеке үйлер септиктерін сыртқа қойып қояды. Сондықтан қаййғылы жағдай болып жатыр. Аузын жақсылап бекітсе болар еді. Жеке үй болғаннан кейін қораға істеген дұрыс деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде