{metadescription}
Қоқыс тазалайтын техника анасының көз алдында баласын басып өлтірді
Қоқыс тазалайтын техника анасының көз алдында баласын басып өлтірді

Қоқыс тазалайтын техника анасының көз алдында баласын басып өлтірді

Алматыда қоқыс тазалайтын техника үш жасар баланы анасының көз алдында басып өлтірді. Қайғылы жағдай Панфиловшылар саябағында болды. Арнайы техника тізгініндегі жүргізуші қамауға алынды.

Оқиға тапа-тал түсте, саябақта демалушылардың көз алдында болды. Бақтың ортасымен өтіп бара жатқан трактор үш жасар баланы жаншып барып бір-ақ тоқтаған. Бала сол арада тіл тартпай кетті.

сәби анасымен серуендеп жүрген екен. 51 жастағы жүргізуші ойнап жүрген баланы байқамай қалғанын айтып ақталды.

Балалар жүретін саябақта трактордың емін-еркін қозғалуына кімнің рұқсат бергенін тергеушілер анықтап жатыр.

Нәрестені басып өлтірген трактор жүргізушісі қамауға алынды. Болған жайтті балмұздақ сатушылары көрген. Айтуларынша, баланың анасы сол сәтте телефонға видео түсіріп жүріпті.

- Шешесі ана жақта видеоға түсіріп жүрген ғой. Күнде өтіп жүрген машина. Бала өтіп кеткен сияқты болды, қарасақ, астында жатыр! Машина тарс етіп жүрді, тоқтады. Бала уже қан-қан боп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.