{metadescription}
Жер туралы: Сенат атышулы 48-бапқа өзгеріс енгізіп, кері қайтарды
Жер туралы: Сенат атышулы 48-бапқа өзгеріс енгізіп, кері қайтарды

Жер туралы: Сенат атышулы 48-бапқа өзгеріс енгізіп, кері қайтарды

Ауыл шаруашылығы жерін сатуға және жалға беруге тыйым салынған заң жобасын Сенат қабылдамады. Жоғарғы палата Мәжіліс пен үкімет әзірлеген құжаттан бірқатар шикілік тауыпты. Әсіресе орман өсіруге арналған жерлерді шетелдіктерге жалға беруді құптаған мәжілісмендердің ісіне әріптестері аң-таң.

Атышулы 48-бапқа өзгеріс енгізіп, Мәжіліске кері қайтарды. Жұрттың жаппай қарсы шығып жатқаны да осы баптағы өзгерістер.  

Сенаттың бүгін Мәжіліске жер қатынастары мәселелері туралы заңды қайтаруына «шетелдіктерге орман өсіру үшін жерлерді жалға беру мәселесі» себеп болды. Президент ешбір шетел азаматтарына жер сатылмайды, жалға берілмейді десе де, мәжілісмендер 48-баптың 2-тармағына өзгеріс енгізген.

Яғни «Жер туралы» кодекстің 48-бабының 2-тармағы бұрынғы редакцияда: «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері 25 жылға дейiнгі мерзіммен жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі» делінген.

Ал жаңасында кей сөздер «орман өсіру» сөзімен ауыстырылған, ол шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар орман өсіру үшін жер учаскелерін 25 жылға дейiнгі мерзіммен жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі деп келтіріледі. Мәжілісмендер екі отырыста бұл тақырыпты аса тереңінен бойлаған жоқ, бірақ бүгін Сенат депутаттары қоғамның ашуын туғызған тармақты былай деп өзгертті.

Әбдәлі Нұралиев, Сенат депутаты:

- Сенат депутаттарынан екі ұсыныс түсті, олар салыстырмалы кестеге енгізілді. Аталған ұсыныстар бойынша жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беру туралы тиісті өзгеріс пен толықтыруды Жер кодексінің 48-ші және 128-бабына  енгізу ұсынылып отыр.

Құп, Сенат қабылдаған өзгертулерді Мәжілістің дұрыстап-дұрыстамауы екіталай. Егер төменгі палата бірден қабыл алса, заң президентке жол тартары сөзсіз. Бұл еліміз үшін аса маңызды құжатты қабылдаудағы түпкі мақсат –  ауыл шаруашылығы жерлерін сатпау, жалға бермеу. Ал шетелдіктерге жалға берілген жерлер 2025 жылға дейін мемлекетке кері қайтарылады. Бүгінде сондай ауыл шаруашылығының 75 мыңдай гектар жеріне жеті біріккен кәсіпорын, бұдан бөлек, 18 жарым мың гектар жерге екі шетелдік тұлға иелік етіп отыр.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Оның ішінде Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына арналған ауданы 5,9 мың гектарды 1 кәсіпорын, Павлодар облысында ауданы 32,2 мың гектар ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері бар 1 кәсіпорын, Атырау облысында 1,6 мың гектар жер 1 кәсіпорында және Ақмола облысында жалпы алаңы 34,7 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4 кәсіпорын бар.

Жаңа заңға сәйкес,мораторий енгізілгенге дейін шетел азаматтарына берілген және жекенің қолына өткен жерлер толық мемлекетке кері қайтарылуы тиіс. Қандастарға да бұл заң қатаң, оларға Қазақстан азаматтығын алғанша ауыл шаруашылығы жерлері жалға берілмейді. Бірақ қандастардың жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша және саяжай құрылысына жер учаскесін алуға мүмкіндігі бар.

Қазақстанда жер туралы әңгіме бес жыл бұрын айтылған. Сол кезде жер шетелдіктерге сатылады деп мәлімдеген үкіметке халық қарсы шығып, ақыры мораторий енгізілді. Заңның атышулы баптарына қатысты енгізілген шектеу мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.