{metadescription}
Aster Auto – Lada көлігінің ресми дилері
Aster Auto – Lada көлігінің ресми дилері

Aster Auto – Lada көлігінің ресми дилері

Aster Auto компаниясы Lada көлігінің ресми дилері атанды. Компания елдің түкпір-түкпірінде 12 дилер орталығын ашып, су жаңа ресейлік машинаны сатуға кірісіп кетті.

Жүргізушілер енді Lada-ның барлық моделін кез келген қалада жылдам әрі арзан бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие. Отандық автонарықта өз орны бар компания тұтынушыларға түрлі жеңілдік ұсынып отыр.

Елімізде сұранысқа ие «Лада» маркалы жаңа көліктерін жүргізушілер енді тек Aster Autо-ның дилерлік орталығынан сатып ала алады. Ресейлік атақты көліктердің ресми дистрибьюторы атанған компания республиканың түкпір-түкпіріндегі тұтынушыларға қызмет көрсетуге дайын. 

Илья Буланов, Aster Auto компаниясының директоры:

Біз 10 аймақта 12 диллерлік орталық аштық. Алдағы уақытта тағы 9 орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Осы орталықтардан сіз «Ладаның» барлық моделін сатып аласыз. Сондай-ақ отандастарымыз ресейлік темір тұлпарды Trade-in бағдарламасы арқылы алу мүмкіндігіне ие. Яғни ескі көлікті жарна ретінде өткізіп, су жаңасына қол жеткізді.

«Лада» маркасы отандық автонарықта қолжетімді көлік ретінде кеңінен танылған. Ресейлік көліктің сатылымы да жоғары. Көлік маркасының бағасы да өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда қолжетімді. Компания қызметкерлері биыл түрленген жаңа Lada Largus пен Niva Travel көпшілік көңілінен шығады деп отыр.

Олжас Жұмағалиев, Lada дилерлік желісінің директоры:

- «Ладаның» бағасы негізі қолжетімді. Бізде 3 млн 890 мыңнан басталады. Біз сәуір айында 700-ден көбін саттық Қазақстанда. Бізде acter.kz қосымша бар. Телефонға орнатуға болады. Ол жерде 3 мыңнан астам машина бар. «Лада», «Ниссан», «Реноның» жаңа машиналары да бар. Ол қосымшада көлігіңізді сатуға және бес минутта бағалауға болады.

Aster Auto су жаңа көліктерді ғана емес, мінілген темір тұлпарларды да алып-сататын дилер. Орталықта ескі көлікті жаңасына айырбастайтын мүмкіндік те бар. Ал егер қалтаңыз көтермесе, бұл алғашқы жарна болып есептеліп, тиімді несие рәсімделеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.