{metadescription}
Сарбаздар енді ет жеп, сорпа ішетін болды – бұл рас па?
Сарбаздар енді ет жеп, сорпа ішетін болды – бұл рас па?

Сарбаздар енді ет жеп, сорпа ішетін болды – бұл рас па?

Сарбаздар тамақтан тапшылық көрмейді. Тіпті олар бұдан былай ет жеп, сорпа ішуі де мүмкін. Өйткені Қорғаныс министрлігі ас мәзіріне жылқы мен қой етін енгізуді жоспарлап отыр.

Мұхамеджан Таласов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Ас мәзірінде сиыр мен құс еті, ірімшік пен шұжық, қаймақ, шырын  және өзге де дәруменге бай тағам бар. Бұдан басқа да азық-түлік өнімдерімен тамақтанады. Ал осы жылдан бастап ас мәзіріне тамақтану акдемиясымен бірлесіп жылқы мен қой етін енгізуді жоспарлап отырмыз.

Қорғаныс министрі орынбасарының мәлімдеуінше, Отанын қорғаушыларға барынша жағдай жасалған. Бұған дейін бір жауынгер 1225 теңгеге тамақтанатын, қазір адам басына 1713 теңгеге өскен. Ал бір жылға осы мақсатта 22 млрд. теңге бөлінген. Осылайша министрлік  жауынгерлердің қарны тоқ, киімі бүтін екеніне сендіргісі келеді.

Ал әскери шенділердің брифинг өткізуіне Жамбыл облысы Луговой гарнизонындағы жағдай себеп болған тәрізді. Екі күн бұрын сондағы сарбаздардың «қарнымыз аш» деп мәлімдеген видеосы тараған. Онда жауынгерлер шұжық пен ірімшік сынды тағамдарды көрмейміз, болса да, жетпейді деп үндеу жолдаған. Кейін бұл жағдайдың екі жыл бұрын түсірілгені айтылды. Ал сол үшін әскери бөлімнің командирі мен орынбасары қызметінен қуылып, тамақпен қамтамасыз еткен фирмаға жарты миллион теңге айыппұл салынған екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде